×

«Қазақ тілі - мәмбеттердің тілі» - Тележүргізуші Ирина Тен

Қазіргі жастардың санасына «Мәмбет» деген сөз бір қараңғылықтың, надандықтың баламасы болып қабылданатыны жасырын емес, дейді ол

 Халық үні 01.10.2022 | 23:20
фото: instagram/iris_ten10

Танымал тележүргізуші Ирина Тен Instagram-дағы парақшасында «Мәмбет» сөзінің мағынасын түсіндіріп, жазба жариялады. 

«Қазақ тілі - Мәмбеттердің тілі. Ол рас. «Мәмбет» сөзінің мағынасын түсіне білгенге. Қазіргі жастардың санасына «Мәмбет» деген сөз бір қараңғылықтың, надандықтың баламасы болып қабылданатыны жасырын емес. Ауылдан келген болса, кез келген біреу сәл мәдениетсіздік танытса, орысшаға тілі сәл шорқақ болып жатса, тіпті жол ережесін бұзса бейтаныс біреуді осылай атай салатындар бар.

Ендеше, білмегендермен бөлісейін, білетіндердің есіне салайын. 

«Мәмбет – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың құрметіне қойылған есім. Сөз түбірі арабтың «хәмд» мақтау сөзімен төркіндес. «Мұхәммәд», «әхмәд» сөздері мақтаулы, мадақтаулы деген мағынаны білдіреді». 

Ал тарихта үш жүздің басын қосып, ел бастаған Абылай ханның сенімді серігі болған Мәмбет батыр Күнбасұлының, Сыр еліне аты белгілі Мәмбет әулие Олжабайұлының есімдері кездеседі. Оны бірі естісе, екіншілері мұндай адамдардың болғанынан да бейхабар.

Кім де кім екінші біреуді кемсіту, төмендету мақсатында «мәмбет» деп атаса, өзінің білімсіздігін әлемге паш еткені дейді. Әлем демей ақ қойсақ та, өзіне және «қарсыласына» кімнің шынымен қараңғы екенін түсінуін жеңілдетеді. Сонымен, қазақ тілі - мәмбеттердің тілі», - деп жазды журналист. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Министрлер бірқатар балалар басылымына жазылды

Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді газетке жазылуға міндеттегендер әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертті
02.12.2022 | 14:13

Кәсіпкер проблемаға мүлдем мән бермеген – Екібастұздың экс-әкімі

Қаланың бұрынғы басшысы елді дүрліктірген жағдайға пікір білдірді
02.12.2022 | 14:02

Шымкент дәмханасында Нигерия азаматын ұрған қазақстандық ұсталды

Түлкібас тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
02.12.2022 | 13:46

Алматыда жанармай құю бекетін тонаған адамдар ұсталды

Күдіктелер бетперде киіп, қолдарында шеге суырғыш пен балта ұстап, кассир мен күзетшіні қамап тастаған
02.12.2022 | 13:34