Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысының тұрғыны 2 млн теңгенің балығын заңсыз сатқан

Ол барлығы 303 кг сазанды сатпақ болған

 Ұлдана Жұбай 18.02.2022 | 11:00
Жамбыл облысының тұрғыны 2 млн теңгенің балығын заңсыз сатқан
фото: Балық шаруашылығы комитеті

Жамбыл облысында 2 млн теңгенің балығын заңсыз сату фактісі анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Шу-Талас» облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері заңсыз балық сату фактісінің жолын кесті. Биылғы 17-ші ақпанда жедел рейдтік іс-шара өткізу барысында Тараз қаласы, 2 мөлтек ауданы «ИРС» сауда кешені маңында 303 кг сазан балығын сатпақшы болған азамат ұсталды, – деді Балық шаруашылығы комитеті.

Тексеру барысында онда балықтың заңдылығын дәлелдейтін құжаттар болмады. Заңсыз ауланған балық тәркіленіп, ҚР ӘҚБтК 389-бабына сәйкес тиісті хаттама толтырылды. Іс Тараз қаласының арнайы мамандандырылған әкімшілік сотына әкімшілік шешім қабылдау үшін жолданды. 1988 жылы туған азамат өзінің заңсыз іс-әрекеттерімен табиғатқа 1 821 839 теңге көлемінде залал келтірді. Рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама