×

Оралда мас ресейліктер өзара жаға жыртысты

Оларды полицейлер сырттағы бейнебақылау камераларын қадағалап отырғанда байқаған

 Еркеғали Болатұлы 01.10.2022 | 13:31
фото: ашық дереккөз

Оралда түнгі клубтың жанында Ресей азаматтары төбелесіп қалды. Ал ІІМ шетелдіктер Қазақстан аумағында заңдылық пен тәртіпті бұзған жағдайда олардың одан әрі біздің елде болу мәселесін қарастыратынын ескертті.

Төбелесіп жатқан топты полицейлер сырттағы бейнебақылау камераларын қадағалап отырғанда байқаған. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы ол жерден өңкей мас ресейліктерді ұстады.

Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Ұсақ бұзақылық», «Қоғамдық орындарға мас күйінде келу», «Тыныштықты бұзу» баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жиналған материал Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралатын болады, - делінген хабарламада.

Құқық бұзушылардың Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі болу-болмау мәселесі әкімшілік материалдар бойынша түпкілікті шешімдер қабылданғаннан кейін шешіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама