Атыраулық азамат әуелі көпірден секіріп, сосын автобустың астына түсіп өлмек болды

Еркеғали Болатұлы

Қоңыраудан кейін журналист бірден полицияға хабарласқан

фото: ашық дереккөз

Атырауда 31 жастағы азамат жергілікті журналистерге телефон соғып, көпірден секіретінін айтып, келіп, бейнекамераға түсіріп алуын өтінген.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, содан кейін ол автобустың астына түсіп өлмек болған.

«Қоңыраудан кейін журналист бірден полицияға хабарласқан. Полиция дереу оқиға орнына келді. Ер адамның жүріп келе жатқан автобустың астына секірмек болғаны белгілі болды»,- делінген хабарламада.

Ажалына асыққан ер адам полиция бөліміне жеткізіліп, жедел-тергеу тобына тапсырылды.