×

Өскеменде интернет арқылы есірткі сатқандар ұсталды

Олар есірткі арналарын ұйымдастырған

 Халық үні 18.02.2022 | 10:00
фото: ашық дереккөзден

ҰҚК интернет арқылы синтетикалық есірткі өткізудің жолын кесті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өскеменде өңірлік синтетикалық есірткі арналарын ұйымдастыруға әрі оларды интернет-дүкен арқылы өткізуге қатысы бар Қазақстанның екі азаматын құрықтады, – дейді комитет.

Заңсыз айналымнан шамамен 1 кг мефедрон және «α-PVP» психотроптық заттары алынды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Бұған дейін Алматы, Қызылорда мен Қарағандыда есірткі қылмысымен айналысқандар ұсталған болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Бензема жаңа клубты таңдады

«Әл-Иттихад» футболшыға 2 жылға келісімшарт ұсынып, 200 млн еуро санап береміз деп отыр
05.06.2023 | 17:23

Павлодар облысында алаяққа сенген зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылды

Жыл басынан бері 9 павлодарлық осындай схема бойынша алданған
05.06.2023 | 16:55