×

Ұлытаулық 18 жастағы шабандоз Түркістанға жалғыз жетті

Жошы хан кесенесі маңында Ұлытау құрама командасы жарыстан шығып қалды

 Ая Өміртай 30.09.2022 | 15:48
фото: Halyq Uni

«Ұлды дала жорығы» марафон-бәйгесінде қомақты жүлдеге ие болу үшін шарт бойынша Түркістанға бірінші жеткен командада кемінде үш ат қалуы тиіс болған. Дегенмен ұйымдастырушылар тарапынан жеңіске жігер танытқандарға да арнайы сыйлық қарастырылды.

Мысалы, 18 жастағы Айдар Қалиұлы Ұлытаудың намысы үшін Арқадан Түркістанға дейінгі 1200 шақырымды жалғыз өзі бағындырды.

Ата-бабаларымыз талай қанды қырғында ақтық демі қалғанша күрескен. Оған тарих куә. Ұлытаудан бірге шыққан ағаларым жарты жолда жарысты тоқтатса да, мен о бастағы мақсатымды орындағым келді. Аллаға шүкір, мәреге жеттім. Жошы хан кесенесі маңында Ұлытау құрама командасы жарыстан шығып қалды. Содан бері астымдағы атымның арқасында жалғыз жортып, Түркістанға жеттім, - дейді ұлытаулық шабандоз.

Оның айтуынша, енді үзеңгілестері аттарды бір жыл бойы баптап, келесі жылы Ұлытаудың атын шығармақ ниетте екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама