×

Карантин жеңілдеді: Азаматтар ПТР-тест тапсырмай елге кіре алады

Ковидтің таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шектеулерді жеңілдетті

 Халық үні 18.02.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шараларын жеңілдетуді мақұлдады.

БИЗНЕС ҮШІН: 

Ashyq бойынша «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдар үшін (келушілерде) эпидемиологиялық қатердің «жасыл» және «сары» аймақтарында – шектеусіз, «қызыл» аймақта – толымдылығы 70%-ға дейін шектеумен (әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен) рұқсат етіледі:

  • сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік емес), сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік), бассейндердің, ойын клубтарының, түнгі клубтардың, караоке қызметіне;
  • көрмелер, марафондар, спорттық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, еске алу), конференциялар, форумдар, ойын-сауық, ұжымдық құлшылық ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге;
  • балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығына қатысты;
  • эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан («қызыл», «сары» және «жасыл») ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер (80%,50% және 30%) алынып тасталды.  

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН:

  • егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакциналаудың немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған Қазақстан азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады;
  • ПТР тестінсіз вакциналау паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі;
  • ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады (Ashyq жобасынан «сары» мәртебесін алып тастау).  

PFIZER ВАКЦИНАСЫН ҚОЛДАНУ РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ:

  • мүмкіндігі шектеулі адамдар (барлық топтағы мүгедектер) мен 50 жастан асқан адамдарды ревакциналау кезінде;  
  • вакциналау үшін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды (барлық топтағы мүгедектерді), сондай-ақ вакцинаның бірінші компонентін Қазақстаннан тыс жерлерде алған адамдардың вакциналау курсын (екінші доза) аяқтауы үшін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама