Министрдің халықпен кездесуінде елдің проблемалары көтеріледі – ІІМ

Дастан Жұмабекұлы

Сұрақтар мен ұсыныстарды әлеуметтік желіде қойып, айтуға болады

фото: ашық дереккөз

Ертең, 30 қыркүйекте сағат 14.00-де Өскемен қаласындағы «Ертіс Концерт» орталық мәдениет үйінде (Протозанов көшесі, 43) Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді.

Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды Call-орталықтың 8(7232) 23-42-11, 23-43-09 телефондары арқылы және келесі eastkazpolice@mail.kz электронды адреске жіберуге болады.

Есеп беру кездесуі оффлайн және онлайн форматта өтеді. Есеп беру кездесуінің трансляциясы ІІМ-нің Instagram-дағы ресми аккаунтында  және Шығыс Қазақстан облысының ПД Facebook-тегі https://www.facebook.com/eastkazpolice әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі, –  делінген хабарламада.

Сондай-ақ, хабарламада минимстрліктің өкілдері халықтың сұрақ қойып, ұсыныс айтуларын өтінген