Halyq Uni логотип
×

Атырауда 3,5 млн теңге айыппұлы бар автокөліктер анықталды

Машиналар Армения мен Грузиядан әкелінген

 Дастан Жұмабекұлы 29.09.2022 | 18:17
Атырауда 3,5 млн теңге айыппұлы бар автокөліктер анықталды
фото: ашық дереккөз

Атырауда бір күнде төленбеген 3,5 млн теңгеге жуық айыппұлы бар 12 автокөлік анықталды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Атырау қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы 1,3 млн теңгеден астам төленбеген 48 айыппұлы бар Армения елінен әкелінген Mercedes Benz және 667 734 теңге 29 айыппұлы бар Грузиядан жеткізілген Lexus автокөліктерін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Бағыттама бойынша автокөліктерді патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, арнаулы тұраққа қойды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама