Конституциялық заңда көрсетілген қажетті құжаттар ұсынылған жоқ
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы қоғам белсендісі, журналист Инга Иманбаеваның президенттікке үміткер болуға берген өтінішін қабылдамады.
2022 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келген азаматша Инга Иманбаева 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына өзін кандидат ретінде ұсыну туралы мәселені қозғады. Алайда, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ұсыну үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көрсетілген қажетті құжаттар ұсынылған жоқ, – делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттар ұсыну «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 54 және 55-баптарына сәйкес болуы керек.