Қазақстанда жұмыс бабымен келген Қытай, Түркия, Үндістан азаматтары көп

Еркеғали Болатұлы

Жалпы, елімізде қазір 15 мыңнан аса шетелдік азамат жұмыс істеп жүр

фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы еңбек мигранттары арасында Қытай, Үндістан және Түркия азаматтары көш бастап тұр деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай (3 576 адам), Үндістан (1 740 адам), Түркия (1 701 адам), Өзбекстан (1 535 адам), Ұлыбритания (1 127 адам), - делінген бүгінгі хабарламада.

Жалпы, Қазақстанда 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 15 524 мың шетелдік жұмыс істеп жүргені есепке алынған.