Halyq Uni логотип
×

Елордада бес жыл бұрын жасалған жантүршігерлік қылмыс ашылды

Қылмыскер мың теңге үшін айуандыққа барған

 Қымбат Елтайқызы 17.02.2022 | 16:50
Елордада бес жыл бұрын жасалған жантүршігерлік қылмыс ашылды
фото: Halyq Uni

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті 5 жыл бұрынғы қылмысты - таксисті өлтіру фактісін ашты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Көкшетауда арнайы іс-шара жүргізу барысында адам өлтірді деген күдікпен 27 жастағы ер адам ұсталды.

2017 жылғы тамызда күдіктінің базарлардың бірінің жанында Daewoo-Nexia жекеменшік таксиін жалдап, «Лесозавод» ауданына қарай шыққаны анықталды. Көрсетілген орынға келгеннен кейін жүргізуші мен жолаушы арасында жолақы құны үшін дау болған. Таксист қызметінің құнын 1 мың теңгеге бағалаған. Сөзге келіспей қалған жолаушы пышақ алып шығып, жүргізушіні 17 рет пышақтаған. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан. Қылмыскер ізін жасыруға тырысып, машинада қалған саусақ іздерін мұқият сүрткен. Күдікті қылмыс жасалған орыннан жасырынған және бірнеше күннен кейін көршілес республикаға шығып кеткен, – дейді астананың полиция департаменті.

5 жыл бойы қалалық жедел қызметкерлер адам өлтірді деген күдіктінің кім екенін анықтау үшін көптеген жұмыс жүргізген. Криминалистер қылмыс орнынан табылған барлық ізді зерттеген. 2 жыл өткеннен кейін автокөлік жүксалғышынан алынған саусақ іздерін зерттеп, криминалистер сәйкестікті анықтаған. Алайда тергеп-тексеру жүргізу барысында саусақ іздері қайғылы оқиға орын алғанға дейін біраз уақыт бұрын жүргізуші барған жанар-жағармай құю станциясы қызметкеріне тиесілі екені анықталған. Осылайша, іздестіру жұмыстары жалғасқан.

Былтырғы жылдың соңында криминалистер саусақ ізі бойынша тағы бір сәйкестікті анықтаған және қайтадан белсенді тексеріс басталған. Саусақ ізі иесінің 2014 жылы Беларусьте ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Ол Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Тексеріс жүргізу барысында жедел қызметкерлер оның адам өлтіруге қатысы бар екенін анықтаған. Ұсталғаннан кейін бұлтартпайтын айғақтар нәтижесінде күдікті жасаған ісін мойындаған. Қазір ол бас қаланың полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама