Шекарадағы қазақстандықтарды елге тез өткізу үшін «жасыл дәліз» ензігізілгелі жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кеше мен Ресей вице-премьерлерімен сөйлестім. Себебі шекарада Қазақстан азаматтары мен азық-түлік тиелген жүк көліктері тұр. Бүгін қос елдің шекара қызметі мәселені талқылайды. Олар «жасыл дәлізді» қамтамасыз етеді. Меніңше, «жасыл дәлізді» бүгін немесе ертең енгізу керек. - деді Сенат кулуарында журналистерге жауап берген министр.
Сондай-ақ ол «жасыл дәлізді» қазан айына дейін енгізу керектігін атап өтті.