×

Шідертіде мас жігіт жүк көлігімен үйдің ішіне кіріп кеткен

Келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 28.09.2022 | 16:39
фото: дереккөз

Павлодар облысында жүк көлігін тізгіндеген мас жүргізуші тұрғын үйге соғылды деп хабарлады Polisia.kz.

Кеше Шідерті кентінде сағат 13:50 шамасында Shacman жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі Жастар көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйге соғылған. Тексеру кезінде оның орташа дәрежеде мас болғаны расталыпты.

Үйге материалдық шығын келтірілді. Сол уақытта тұрғын үйде ешкім болмаған. Автокөлік жүргізушісі қажетті көмек алу үшін Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді. Себебі дене жарақатын алған. Келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр, - деді қалалық ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Күркебаев.

Оның айтуынша, Шідерті кентіндегі мердігер ұйымға тиесілі көлік арнайы айыптұраққа қойылған. Қазір оған «Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама