×

Түркістан облысында ломбардты тонау сәті видеоға түсіп қалды

Кассир ұрының қолына 1,2 млн теңгені ұстатқан

 Дастан Жұмабекұлы 28.09.2022 | 16:33
фото: polisia.kz

Түркістан облысында ломбардқа қарулы шабуыл жасалды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Жетісай аудандық полиция бөліміне қалада орналасқан ломбардтардың бірінің қызметкері арызданған. Оның айтуынша, кешкі уақытта бетіне медициналық маска, басына бейсболка киген ер адам тапанша ұстап кіріп, ақша талап еткен. Ломбард қызметкері ұрыға кассадағы 1,2 млн теңгені ұстатқан. Күдікті оны касса кабинасында қалдырып, сыртынан құлыптаған. Солай ізін суытқан.

Полицейлер бірнеше күн ішінде бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы күдіктіні анықтап, «ізін суытпай» ұстады.

Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты.

Күдіктің айтуынша, ол қылмысты ақша қажет болған соң істеген. Одан айғақты зат ретінде пневматикалық тапанша тәркіленді. Қазір ол қамауға алынып, тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама