Тауарларының жалпы салмағы – 51 тонна 826 келі
Қытайдан Қазақстанға декларацияланбаған жүк кіргізбек болғандардың қылмысы әшкереленді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Нақты айтқанда, кеше шекарашылар «Алтынкөл» пунктінің маңында заң бұзғандардың жолын кескен. Олар алып өтпек болған автокөлік бөлшектерінің жалпы салмағы – 51 тонна 826 келі.
Тауардың алдын ала сомасы 50 миллион теңгеден асады, – делінген ведомство хабарламасында.
Қазір тәркіленген жүк Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.