Кәсіпорындар 15,4 мың жұмыскерге қарызын өтеді

Дастан Жұмабекұлы

Берешек 3 млрд 556,7 млн теңгеге жетті

фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 618 кәсіпорнында 15,4 мың жұмыскердің 3 млрд 556,7 млн теңгеден астам жалақы ала алмай жүргендерін анықтады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтің қорғау министрлігі хабарлады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына 562 нұсқама беріліп, 98,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 13,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд 313 млн теңге төленді.