Полиция әйеліне темір ішкиім кигізген ер адамға қатысты пікір білдірді
Күйеу әйеліне түнгі ауысымға жұмысқа тек темір іш киім киіп кетуге мәжбүрлеген
Желіде Түркістан облысында қызғаншақ күйеу әйелін темір сымнан жасалған іш киім киюге мәжбүр еткені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Сәт телеарнасына Сарыағаш аудандық әлеуметтік психологиялық көмек көрсету секторының меңгерушісі Марат Тарахтиев мәлім еткен, деп хабарлайды nur.kz.
Оның айтуынша, Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында қызғаншақ күйеу әйеліне түнгі ауысымға жұмысқа тек темір ішкиім киіп кетуге мәжбүрлеген.
Әйелін қызғанғаны соншалықты, темірден ішкиім тоқып берген тістеуікпен. Жұмысқа кетеді (әйел - ред.), келген соң өзі шешіп алады. Кіші дәретке де бармайды, үлкен дәретке де бармайды. Міне біздің санамыздың өзгергендігі,- дейді сектор меңгерушісі Марат Тарахтиев.
Бұл оқиғаға қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті пікір білдірді.
Ведомство мәліметінше, аталған оқиға бойынша ешқандай арыз-шағым түспеген. Полицейлер Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында тұратын сол отбасымен сөйлескен, тексерген. Алайда ешкім ешқандай шағым айтпаған.