Рұқсаттаманың мерзімі өтіп кеткендіктен, азаматтарға өтуге шектеу қойылған
ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Байқоңырда Қазақстан азаматтары мен Ресей күш құрылымдары арасында жанжал шыққанын айтты.
Жанжалға жергілікті тұрғындардың мерзімі өткен рұқсат қағаздарымен нысан аумағына кіруге әрекеттенгені себеп болған.
Белгілі болғандай, рұқсаттаманың мерзімі өтіп кеткендіктен, азаматтарға өтуге шектеу қойылған. Сол себепті, жергілікті тұрғындар мен Ресей полициясы арасында жанжал шыққан. Қазір барлығы бақылауда, – деп түсіндірді Марат Ахметжанов.
Ол кіру режимінде ешқандай өзгеріс болмағанын және қазір жанжалдың реттеліп қойғанын жеткізді.