Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Халық үні

Табылған есірткінің қара нарықтағы құны шамамен 150 млн теңгеге бағаланып отыр

фото: ҰҚК

Алматыда есірткі зертханасы мен синтетикалық есірткі жеткізу арнасы жойылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотроптық заттарды заңсыз жасаумен айналысатын есірткі зертханасын жойды.

Заңға қайшы әрекетке қатысы үшін оңтүстік астана тұрғыны ұсталды. Заңсыз айналымнан шамамен 9 кг мефедрон және «α-PVP» психотроптық заты алынды. Олардың қара нарықтағы құны 149 млн теңгеге бағаланып отыр, – дейді ҰҚК.

Басқа тексеру барысында Алматыда еліміздің батыс өңірлеріне жеткізуге арналған 500-ден астам «экстази» таблеткасы жасырылған жөнелтілім анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан азаматы құрықталды. Оның тұрғылықты жерінен қосымша 200 г «а-PVP» психотроптық заты алынды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.