×

Түркістан облысында жоғалған қыз табылды

Жасөспірім колледжде достарымен болған

 Дастан Жұмабекұлы 27.09.2022 | 09:45
фото: polisia.kz

Жетісай ауданының полицейлері бірнеше сағатта жоғалған жасөспірім қызды тапты.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын келіп, 15 жастағы қызының ешкімге ескертпестен үйден шығып кетіп, қайтып келмегенін айтқан. Әйелдің айтуынша, олар туыстарымен бірге қызды өз беттерінше іздеген. Бірақ еш нәтиже шықпаған.

Осыдан кейін полицейлер іздестіруге кірісіп, қыздың баруы мүмкін жерлерге барып, оның хабарласуы мүмкін достарынан жауап алды. Қоғамдық көліктер мен такси жүргізушілерінен сұрастырылды. Соның нәтижесінде 15 жастағы қыздың аудандағы колледж маңында жүргені анықталды. Ол колледждегі достарына барған болып шықты. Қызы табылғаннан кейін оның анасы полицейлерге өз алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама