Halyq Uni логотип
×

Зейнеткер алаяққа 36 млн теңгеге алданған

65 жастағы әйел жас жігіттің «махаббатына» сеніп қалған

 Дастан Жұмабекұлы 26.09.2022 | 17:55
Зейнеткер алаяққа 36 млн теңгеге алданған
фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде зейнеткер алаяққа алданып қалды.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

22 қыркүйекте Ақтөбе қаласының полиция басқармасына 65 жастағы әйелден арыз түскен. Ол әлеуметтік желіде танысқан алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Ер адам өзін зейнеткерге АҚШ азаматы ретінде таныстырып, сыйлық пен ақша жіберемін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған. Ал сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керектігін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған.

Одан кейін алаяқ зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшетінін айтып, әйелді сендірген. Ал әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 млн теңгеден аса қаражатты алаяққа аударып жіберген.

Қазір осы дерек бойынша тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама