Ижевскіде мектепке оқ жаудырған жігіттің аты-жөні аталды
Үстінде нацистік рәміздер бейнеленген қара жейде болған
Ресейдің Тергеу комитеті Ижевскіде атыс шығарған ер адамның 1988 жылы туған Артем Казанцев есімді сол мектептің түлегі екенін мәлімдеді.
Комитеттің мәліметінше, Казанцев сол жерде өз-өзіне қол жұмсаған.
Қазір оның үстінде нацистік рәміздер бейнеленген қара жейде болғаны анықталды. Ешқандай құжаты болған жоқ, - деп хабарлады Тергеу комитетінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Ижевск мектебіндегі атыс бүгін таңертең болған еді. Онда қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат әлі де нақтыланып жатыр.