Путиннің уәдесі жайына қалды
Ресей билігі 21 қыркүйектен бастап мобилизациямен әскерге алынғандарды ешбір дайындықсыз соғысқа аттандыра бастады.
Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
РФ президенті Владимир Путиннің мобилизация жариялау жайында жасаған үндеуінде айтқан әскерге алынғандардың арнайы дайындықтан өтіп барып, соғысқа салынатыны туралы уәдесі жайына қалды.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы хабарлағандай, Ресей әскерге соңғы 4-5 күнде алынғандарды майдан шебіндегі бөлімшелерді толықтыруға жіберуге кірісіп кетті.
Бас штабтағылар РФ әскери коимиссариатының 22 қыркүйектен бері тәуліктік режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Әскерге алынғандар қатарында жасы 59-ға келген адамдар да бар. Сосын «ішінара»» деген де жалған болып шықты. Ол тек Мәскеу мен Петербург үшін ғана қолданылатын ерекшелік. Басқа аймақтардың бәрінде толық сипатта мобилизация жүріп жатыр, – делінген хабарламада.
Мұнда сонымен бірге Ресей командованиесінің салмақты аз ұлттарға салып отырғаны да байқалады. Әскерге шақырылушылар қатарында бурят, саха, татар, башқұрт, қазақ, қалмақ ұлттары және дағыстандықтар көп.
Осыған байланысты Ресейдің барлық дерлік аймақтарын наразылық қозғалысы күн сайын болып жатыр.
Кеше Махачкалада полицейлер мен наразылық білдірушілер арасында қақтығыс болды.