Halyq Uni логотип
×

Ресейдің Қазақстанмен шекарасы жабылуы мүмкін

Кремль РФ-дан ешкімді шығармау мәселесін талқылап жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 26.09.2022 | 09:10
Ресейдің Қазақстанмен шекарасы жабылуы мүмкін
фото: URA.ru

Ресей билігі халықты елден шығармау шарасын қолданып қалуы әбден мүмкін.

Бұл туралы «Медуза» хабарлады.

Ресейдің жоғары басшылығы елде 1941 жылдан бері бірінші рет мобилизацияға байланысты жұрттың шетелге шығуына шектеу салынуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, – делінген хабарламада.

Олардың айтуларынша, соңғы шешім күштік құрылымдардың позициясына, сондай-ақ әскерге шақырудан қашып, қанша азаматтың қашқын болғанына байланысты шығарылады.

Армияға 300 мың адам алатынын, қажет болған жағдайда ядролық қаруды қолданатынын айтып, уәде берген РФ президенті Владимир Путин авиабилеттердің бірден 2-3 есеге дейін көтеріліп кетуіне себеп болды.

Google Trends мәліметі бойынша, «Ресейден қалай кетуге болады» деген тег бойынша сұрау салушылардың қатары бір күнде 2900 пайызға дейін өсіп кеткен.

Билік, қалай дегенде де, Украинаның өзі басып алған территориясында референдум өткізгенге, 27 қыркүйекке дейін шекараны жаппайды, – деп жазады «Медуза».

Қолда бар мәліметке қарағанда, 30 қыркүйекте Ресейдің Қазақстанмен шекарасы жабылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама