Halyq Uni логотип
×

Өлер алдында хат жазып қалдырған: Таразда 14 жастағы бала терезеден секіріп кетті

Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталуда

 Халық үні 25.09.2022 | 19:42
Өлер алдында хат жазып қалдырған: Таразда 14 жастағы бала терезеден секіріп кетті
фото: stan.kz

Таразда 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттан секіріп кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталуда.

Оның өлер алдында қалдырған хатын тиісті мамандар зерттейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама