Алматыда автобус жолаушыларының қалтасын қағып жүрген 3 әйел ұсталды

Еркеғали Болатұлы

Екеуі бұрын да бірнеше рет қалта ұрлығы бойынша сотты болған

фото: дереккөз

Күдіктілер №85 бағыттағы автобуста жасалған қылмыстан кейін қолға түскен. Сол жерде олардың жолаушының қалтасынан құжаттары мен ақшасы салынған әмиянды суырып алғаны байқалып қалған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер – 1989 жылы туған К.есімді, 1989 жылы туған В. есімді және 2000 жылғы В. есімді Алматы облысының тұрғындары. Қазір ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Бір қызығы, ұсталған 3 адамның екеуі бұрын да бірнеше рет қалта ұрлығы бойынша сотты болған. Бұл жолғысы да әйелдердің қоғамдық көлікте жасаған жалғыз эпизоды болмауы мүмкін.