Арнауын тек «Сайлау күні – жиырмасыншы қараша» деп басталатын бір жолға ұйқастыра берген
Назарбаевтар әулеті мен қолында билігі бар шенеуніктерге дүркін-дүркін ода арнап танылған ақын Балтабек Нұрғалиев алда өтетін кезекті президент сайлауына да бір өлең шығарып тастады. Ол өлеңін де әдеттегідей өзінің Facebook-тегі парақшасына жариялаған.
Бұл жолы бес шумақтан тұратын арнауын тек «Сайлау күні – жиырмасыншы қараша» деп басталатын бір жолға ұйқастыра берген.
Сайлау күні – жиырмасыншы қараша,
Бұл хабарға қуандым мен балаша.
Қасым-Жомарт Кемелұлын жебесін,
Ұлытаулық Жошы хан мен Алаша!.. - деп жалғасқан өлеңде ол көпшіліктің қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаппай дауыс беретініне сенім білдірген.
«Темірқазық «таққа» қонса қайтадан,
Қоймас қауым ақ жолынан адаса?!,» - дейді шабытты шағындағы Балтабек Нұрғалиев.