Halyq Uni логотип
×

«Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының жалақысы 20% өсетін болды: Мұнайшылардың бәрі оған келіспей отыр

Алик Айдарбаев биыл жалақы көлемі одан артық көтерілмейтінін айтты

 Халық үні 16.02.2022 | 19:29
«Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының жалақысы 20% өсетін болды: Мұнайшылардың бәрі оған келіспей отыр
көрнекі фото: sknews.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшыларының еңбекақысын арттыру туралы шешім қабылданғаны жайлы мәлімдеді.

14 ақпанда Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның бұрғылау басқармасының бір топ қызметкері жұмысын тоқтатты. Олардың жалақыны кемі 41 пайызға өсіру туралы талап қойды.

Тек «Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшылары ғана емес, оған қарасты мердігер компаниялардың да қызметкерлері жұмысын тоқтатқан. Олардың да талабы – жалақыны өсіру.

«Күні бойы мұнайшылармен келіссөздер жүрді. Нәтижесінде, жағдайды тұрақтандыру және кәсіпорынның жұмысын тоқтатпау туралы келісімге келіп, жұмысшылардың жалақысы көтерілетін болды. Бұған дейін 2020 жылдың желтоқсан айында жалақы 10 пайызға артса, енді жаңа келісім бойынша тағы 20 пайызға арттыру туралы келісім жасалды. Осылайша биыл жыл басынан жұмысшылардың жалақысы 30 пайызға өсетін болады», - дейді Алик Айдарбаев Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

«ҚазМұнайГаз» басшысы жұмысшылардың дені жалақыны өсіру көлемімен келіскенін айтты. Алайда, әлі де жалақыны 40 -50 пайызға көтеруді талап етіп отырға жұмысшылар бар екен.

«Бізге 20 пайызға арттыру шешімі оңайға соққан жоқ. Биыл одан артық жалақы көтерілмейді, бұл соңғы шешім. Сондықтан жалақыны өсіруді талап етуші жандардан түсіністікпен қарауын сұраймын», - дейді А. Айдарбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама