×

Таразда 14 жастағы бала 12-қабаттан секіріп кетті

Хат қалдырып кеткен

 Еркеғали Болатұлы 25.09.2022 | 11:01
фото: дереккөз

Тараз қаласында 14 жастағы бала 12-қабаттан секіріп кетіп, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы жергілікті ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.

Қазір барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталуда. Оның өлім алдында қалдырған хатын тиісті мамандар зерттейтін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама