Halyq Uni логотип
×

200-ден астамы қамалды: Маңғыстаудың малдары қараусыз жүр

Жануарларды соққан 3 ірі жол-көлік оқиғасы болып, 6 адам қаза тапқан

 Еркеғали Болатұлы 25.09.2022 | 09:31
200-ден астамы қамалды: Маңғыстаудың малдары қараусыз жүр
фото: дереккөз

Маңғыстау облысындағы жануарларға арналған орынға республикалық маңызы бар Ақтау-Шетпе тасжолының бойында жүрген 220-ға жуық иесіз мал қамалды.

Төрт түлік автокөлік жолының жүру бөлігінен өткен. Полиция қызметкерлері оларды арнайы жануарларға арналған орынға қамады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Енді жол апаттарының алдын алу мақсатында мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрмақ.

Еске сала кетсек, 22 қыркүйек күні Ақтау-Жаңаөзен тасжолының бойында түйеге соғылған көліктегі жолаушы көз жұмған еді. Ал 16 қыркүйекте «Ваз 21154» автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласынан Шетпе ауылына баратын жолда екі түйені қаққан болатын. Осы оқиғалардың салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, 5 адам ауруханада жатыр.

Жалпы, облыста кейінгі 10 күнде жануарларды соққан 3 ірі жол-көлік оқиғасы болып, 6 адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама