×

Талдықорғанда иттердің төбелесін ұйымдастырған ер адам жазаланды

22 жастағы қала тұрғыны төбелес видеосын әлеуметтік желіге жүктеген

 Динара Амантай 24.09.2022 | 18:03
фото: ашық дереккөз

Талдықорған қаласында кезекті жануарлар жекпе-жегін ұйымдастырушы анықталды, деп  хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Талдықорған қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың біріне қатысты шара қолдануды талап еткен жануарларды қорғаушылардан арыз түскен. Мәлімдемеде ер адам иттерді төбелестіріп, оның видеосын әлеуметтік желілерге жүктейді деп көрсетілген.

Ақпарат бейне материалдарды көргеннен кейін расталды, онда жануарлардың жекпе-жегі шынымен түсірілген. Құқық бұзушының жеке басы анықталды, ол Талдықорған қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазір ұсталған құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 407-1-бабы («Жануарларға қатыгездік көрсету») бойынша жауапкершілікке тартылып, оған қолданыстағы заңнамада көзделген айыппұл санкциялары салынды. Облыс аумағында жануарлар жекпе-жегін ұйымдастыру деректері анықталған жағдайда, полиция қызметкерлері бұндай фактілердің жолын қатаң түрде кеседі, - деп атап өтті Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Қазақстан Республикасының (30.12.2021 жылғы №97-VII «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы) заңнамасына сәйкес Қазақстан аумағында жануарлардың жекпе-жегін, сондай-ақ жануардың денсаулығына мертігу немесе өзге де зиян келтіруге не оның өліміне әкеп соғатын ойын-сауық іс-шараларын (жануарларды пайдалана отырып ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шараларды қоспағанда) ұйымдастыру және өткізу тыйым салынған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама