Halyq Uni логотип
×

«Алматы марафон»: қай көшелер жабылады?

Қалада 7:00-ден 13:30-ға дейін көлік қозғалысы жартылай шектеледі

 Динара Амантай 24.09.2022 | 16:44
«Алматы марафон»: қай көшелер жабылады?
Фото: Halyq Uni

25 қыркүйекте Алматы қаласында дәстүрлі іс-шараға айналған «Алматы марафоны» өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, аталмыш шараға әлемнің 30 елінен 15 жастан асқан әуесқой спортшылар қатысады.

Ерлер мен әйелдер арасында барлық жас санаты бойынша жеңімпаздар үштігі медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. 21,1 км және 42,2 км қашықтықтарда абсолюттік санаттағы ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздарға ақшалай сыйлық беріледі. Мәреге жеткен барлық қатысушы естелік медаль алады.

Жарысқа 12 мың спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Сөре мен мәре Республика алаңында болады деп жоспарланған.

Марафонға қатысушылар Сәтпаев, Сейфуллин, Әл-Фараби, Саин, Абай көшелерімен жүгіреді.

Осыған байланысты 25 қыркүйек күні сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Марафоншылар жүгіріп өткеннен кейін жолдар кезегімен ашылып отырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама