Жәрмеңкеде 110 тонна өнім қойылмақ
Бүгін және ертең Астана қаласында Атырау облысы тауар өндірушілерінің дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіні мәліметінше, 110 тонна өнім жәрмеңкеге қойылады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде: 15 тонна – көкөніс, 2 тонна – жеміс-жидек, 10 тонна – картоп, 15,3 тонна – ет, 2 тоннадан астам – сүт өнімдері, 44 тонна – балық, сондай-ақ 21,7 тонна өзге де өнімдер бар.
Аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде тауарларының бағасы нарықтан 10-20%-ға төмен. Елорда тұрғындары өңірлік өнімдерді қолжетімді бағамен ала алады.
Айта кетсек, жәрмеңкеге келген тұрғындар мен қонақтар үшін арнайы концерттік бағдарлама да дайындалды.