×

Шымкентте студенттің өліміне қатысты күдіктілер қамалды

Аталған жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 24.09.2022 | 15:01
фото: polisia.kz

Шымкентте 1-курс студентінің өліміне қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы («денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Нәтижесінде ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді.
Іс бойынша екі күдікті УҰИ-ге қамауға алынды.

Еске сала кетсек, бұған дейін 22 қыркүйекте түнгі бір шамасында Шымкенттегі жатақханада студенттің қайтыс болғаны ткралы хабарлаған еді. Марқұмның анасы кінәлілерді ешқашан кешірмейтінін айтып, оларды жауапқа тартуды сұраған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама