Жаркентте оқушы сөмкесінен қару-жарақ табылды

Динара Амантай

Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді

фото: polisia.kz

Жаркент маңындағы қараусыз қалған ғимарат ішінде мектеп сөмкесінде жасырылған оқ-дәрілері бар қару табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, рюкзакта аң аулайтын мылтықтың екі қыры, Retay тапаншасы, сондай-ақ 12 калибрлі төрт патрон болған.

Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы Сайран көлінің жанынан қару-жарақ қоймасы табылғаны туралы хабарлаған едік.