Жаркентте оқушы сөмкесінен қару-жарақ табылды
Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді
Жаркент маңындағы қараусыз қалған ғимарат ішінде мектеп сөмкесінде жасырылған оқ-дәрілері бар қару табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, рюкзакта аң аулайтын мылтықтың екі қыры, Retay тапаншасы, сондай-ақ 12 калибрлі төрт патрон болған.
Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы Сайран көлінің жанынан қару-жарақ қоймасы табылғаны туралы хабарлаған едік.