×

«Ақтау теңіз порты» кеден бекеті басшысының орынбасары ұсталды

Антикор бірнеше шенеунікке қатысты іс қозғады

 Динара Амантай 24.09.2022 | 11:09
Фото: inaktau.kz

Пара алды деген күдікпен «Ақтау теңіз порты» кеден бекеті басшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық проуратураның мәліметінше, Антикор бірнеше шенеунікке қатысты іс қозғаған. «Адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы пара алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Парақорлар ақшаны декларанттардың кедендік өкілдерінен алған.

Негізгі айыпталушы 2 айға қамауға алынды.

Тергеу барысында кеден бекеті бастығының орынбасары әшкере болды. 10 қыркүйекте оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір тергеу органы істі дұрыс шешу мақсатында қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізәп жатыр, – деп мәлімдеді Маңғыстау облысының аға прокуроры Әсет Бекқайыров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде бірнеше рет пара алған полицей айыппұл төлеп, жазадан құтылғаны туралы хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама