Halyq Uni логотип
×

Еліміздің 500-ге жуық жол учаскесінде су тасуы мүмкін

Су тасқынына дайындық басталып кетті

 Қымбат Елтайқызы 16.02.2022 | 17:00
Еліміздің 500-ге жуық жол учаскесінде су тасуы мүмкін
фото: Halyq Uni

Республикалық автожолдарда су тасқынына дайындық шаралары басталды. Жолдарды су басып, шайып кетуін болдырмау үшін су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұдан басқа жол қызметтері өкілдерінен орталықта және өңірлерде комиссиялар құрылды.

Жоспар аясында 482 қауіпті жол учаскесі, 59 көпір мен 739 су өткізу құбыры бақылауға алынды. Объектілерге 883 жол-пайдалану техникасы бекітілді, – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі.

Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жолдар мен жол құрылыстарына күнделікті патрульдеу жүргізіледі. Сонымен қатар су өткізу құбырлары әрі көпірасты аймақтар арналарын қардан тазарту жұмыстары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама