Halyq Uni логотип
×

Астанада алаяқ риэлтор жалған пәтерлерді жалға берген

Оған алты адам алданып, 30 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін ақша жіберген

 Дастан Жұмабекұлы 23.09.2022 | 17:24
Астанада алаяқ риэлтор жалған пәтерлерді жалға берген
фото: ашық дереккөз

Астанада жалған пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды. Ол бұрын риэлтор болып жұмыс істегенін, 6 адамды алдап үлгергенін мойындады.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Тергеу барысында 23 жастағы ер адамның сайттардың біріне пәтер жалдау туралы хабарландыру бергені анықталды. Ол жалған пәтерді арзан бағаға жалға беремін деп бірнеше адамды алдаған. Сөйтіп,  олармен төлефонмен сөйлесіп, ала төлем жасау керек деп шарт қойып, ақшасын алғаннан кейін бірден хабарландыруды өшіріп отырған.

Күдікті ақшаны алғаннан кейін телефон номерін ауыстырған. Осылайша 6 адам алаяқтың айласына түсіп, оған 30 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін ақша аударған.

Ер адам бұрын риелтор болып жұмыс істегені анықталды. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша соталды тергеу ісі басталды. Қазір оның бұрын осыған ұқсас істеген қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама