Halyq Uni логотип
×

Саясат Нұрбек Шымкенттегі студенттің өлімі жайлы: «Колледждерге Оқу-ағарту министрлігі жауап береді»

Шымкентте колледждің І курс студенті көз жұмды

 Дәурен Ерболат 23.09.2022 | 14:26
Саясат Нұрбек Шымкенттегі студенттің өлімі жайлы: «Колледждерге Оқу-ағарту министрлігі жауап береді»
фото: ашық дереккөзден

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Шымкент қаласындағы жатақханада қайтыс болған студенттің отбасына көңіл айтып, жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын күшейтуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Қайғылы оқиға болды, иманды болсын. Бірақ бұл -  колледж студенті. Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді ғой. Сонда мектепке дейін, орта және кәсіптік білім яғни колледждерге Оқу-ағарту министрлігі жауап береді. Жоғары білім және ғылым, тіл саясаты біздің министрліктің құзыретінде», - деді Саясат Нұрбек ОҚК-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ министр университтерде тәрбие жұмысын күшейту жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрамында Жастар саясаты комитеті бар. Біз аталған министрлікке ұсыныс жасап, жастар комитетін біздің ведомствоға қосу туралы ұсыныс жасауымыз мүмкін. Себебі, студент жастармен жүйелі түрде жұмыс істеуіміз керек... Алайда қазір мен оның нақты комитет болатынын айта алмаймын. Бірақ министрлікте студенттердің мұңын тыңдайтын, олардың проблемасын түсінетін орталық болуы керек. Бүгінде біз универсеттерге тек нұсқаулық жіберіп отырмыз», - деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.

Шымкенттегі жатақханалардың бірінде студент көз жұмды. Полицияның дерегінше, бұл жағдай Манап Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің студенттері жататын ғимаратта болған. Қаза тапқан - І курс студенті. Оның бөлмеде есінен танып құлағанын сондағылар полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшыларына куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген.

Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері келгенге дейін олар жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама