Halyq Uni логотип
×

Солтүстік Қазақстанда далада бір тәулік бойы адасқан ер адам табылды

Ол салт атпен шығып, адасып кеткен

 Халық үні 16.02.2022 | 15:30
Солтүстік Қазақстанда далада бір тәулік бойы адасқан ер адам табылды
фото: polisia.kz

Құтқарушылар мен полицейлер 40 жастағы СҚО тұрғынын бір тәулік бойы іздеді. Ер адам салт атпен шығып, адасып кеткен. Түк көрінбейтін бораннан бағытынан адасып, кейін қайтатын жолын таппаған. Ауыл тұрғынын іздеуге ТЖ бөлінісінің және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Абырой болғанда, ер адам қар құрсауынан өз бетімен шығып, жақын маңдағы елді мекенге келген.

Ал ақпанның 15-сі М.Жұмабаев ауданында учаскелік полиция инспекторы Мұрат Арықовтың түнде қызметке шығуына тура келді. Оның көмегі боран салдарынан Молодогвардейское ауылы жанында тұрып қалған Ақмола облысының үш тұрғынына қажет болды. Жолды қар алып қалған, оның үстіне көліктерінің істен шығуына байланысты жылыта алмаған. Учаскелік инспектор жергілікті шаруашылықтың басшысына жүгініп, көлікті сүйрейтін техника сұраған. Бес сағаттан астам далада тұрып қалған ақмолалықтар құтқарылды, дін аман.

Солтүстік Қазақстан облысының шалғай аудандарында боран әлі соғып тұр. Уәлиханов және Ақжар аудандарындағы облыстық маңызы бар жолдардағы қозғалыс әлі де шектеулі, – дейді полиция.

«Ақпанның құбылмалы ауа райы солтүстікқазақстандықтарға жақсы таныс. Ауа райы болжамына құлақ асқан жөн және күн райының қолайсыз жағдайы кезінде елді мекендерден алысқа шықпауларын сұраймыз», – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама