Halyq Uni логотип
×

«Жаңбырдың соңы қарға ұласады»: «Қазгидромет» ауа райы болжамын хабарлады

Найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жауу мүмкін 

 Дастан Жұмабекұлы 23.09.2022 | 12:07
«Жаңбырдың соңы қарға ұласады»: «Қазгидромет» ауа райы болжамын хабарлады
фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің хабарлауынша, елде аптаның соңында жаңбыр жауып, оның соңы қарға ұласады.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен 25 қыркүйекте батыста, 26 қыркүйекте солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ болады делінуде. 26 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болжанады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Ал оңтүстік-шығыс өңірлерде тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауады.

Ауа температурасы күндіз елдің батысында 22-33-тен 9-22 градусқа дейін, солтүстік-батыста 25-32-ден 10-23 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте 23-30-дан 5-20 градусқа дейін, орталықта 22-32-ден 20-28 градусқа дейін, Қызылорда облысында 30-35-тен 17-25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Елдің оңтүстік-шығысы мен қиыр оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 градус шамасында сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама