×

Жаслан Мәдиев Цифрлық даму бірінші вице-министрі қызметінен кетті

Бұған дейін ол ұлттық компанияларда жұмыс істеген

 Дастан Жұмабекұлы 23.09.2022 | 11:22
фото: ашық дереккөз

Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен кетті.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.

Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

2007 – 2018 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Kazyna Capital Management» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компанияларының құрылымдарында жұмыс істеді.

2019 – 2020 жылдары – Ұлттық экономика вице-министрі болды.

2020 – 2022 жылдары – Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан бастап цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып қызмет еткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама