×

Пиццериядағы қайғылы жағдай: қыздың анасы тергеу тоқтап қалғанын айтты

Анасының айтуынша, қызы 3 шілдеде жұмыс орнында ток тоғып қайтыс болған.

 Халық үні 23.09.2022 | 00:48
Фото: baq.kz

Шымкентте 3 ай бұрын пиццерияда ток соғып көз жұмған 15 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу бүгінгі таңда тоқтап қалған. Бұл туралы «Не молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қыздың анасы қорға көмек сұрап, хат жазған.

Анасының айтуынша, қызы 3 шілдеде жұмыс орнында ток тоғып қайтыс болған. Қайғылы оқиға Шымкеттегі «BURGER TIME» пиццериясында болған.

Мен жалғызбасты анамын. Жалақым аз. 3 қыз тәрбиелеп отырмын. Оларды өсіріп жеткізуім керек. Ақша жетпеген соң қызым жазғы демаласында жұмыс істеді. Жұмыс беруші қызымның ток соғып көз жұмғанын жоққа шығарып отыр. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы қолымда бар. Соған қарамастан кінәлілер әлі бостандықта жүр, - дейді ашынған ана.

Әйелдің сөзіне қарағанда, сол күні жұмыста еден жуған қызын ток соққан. Жердегі сымдар ашық күйінде жатыр. Дәлел ретінде қолында бейнежазба бар. Қайғылы жағдайға жұмыс орнындағы қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болған. Еңбек инспекциясы жұмыс берушінің 100% кінәлі екенін растап берген. Алайда полиция қызметкерлері видеокамера жазбаларын тексермеген. Тергеуге атүсті қараған.

Қаратау аудандық Полиция басқармасына 2 рет шағым түсірдім, бірақ одан нәтиже болмады. Мені түрлі тергеушілерге жібереді. Басшылық тергеуді бақыламайды, дұрыс жүргізілуін талап етпейді. Мүмкін полицейлерді пиццерияның иесі сатып алған шығар. Тергеу тоқтап қалды. Куәгерлер жауап беруден қорқады, сол күні түк көрмедік деп жауаптан жалтарады, -дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама