×

Ресейдегі орман өрті Қазақстанға таралуы мүмкін

Тілсіз жаудың өршу қаупі бар

 Дастан Жұмабекұлы 22.09.2022 | 17:39
фото: ашық дереккөз

Осы аптада Ресейдің Орынбор мен Челябі облыстарының шекаралас аймақтарында орман өрті өршіп кетсе ол Қазақстанға таралуы мүмкін, деп ескертті Жалпыресейлік азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі ғылыми-зерттеу институты.

Институт ауа райы жағдайына байланысты Тыва Республикасы, Қалмақ Республикасы, Алтай, Ставрополь өлкесінде, Астрахань, Новосібір, Томск, Омбы, Орынбор, Самара, Челябі және Қорған облыстарында дала өртінің жалғыз ошақтарының өршу қаупі бар екенін хабарлады.

Қыркүйек айының басында Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман алқабын ірі өрт шарпыды. Өрт 2-10 қыркүйек аралығында сөндірілді. Ол 43 мың гектардан астам аумаққа жайылды. Өрт екі елді мекендегі 91 үйге зақым келтірді.

Өрт басталғаннан бері барлығы 2 091 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 11 адам зардап шекті, бір адам қайтыс болды.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы ​​облыстарында да өрт болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама