Halyq Uni логотип
×

Ресейліктердің Қазақстанға келуіне шектеу жоқ – Сенат спикері

21 қыркүйекте Владимир Путин Ресейде ішінара мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды

 Дәурен Ерболат 22.09.2022 | 12:33
Ресейліктердің Қазақстанға келуіне шектеу жоқ – Сенат спикері
Мәулен Әшімбаев, фото: Halyq Uni

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейде ішінара мобилизация жарияланғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Ресей Федерациясында ішінара мобилизация жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты түрлі сұрақтар қойылып жатыр. Қазақстан бұл мәселеде (Ресей мен Украина арасындағы – авт.) қақтығысты тек келіссөз арқылы шешуге болады деген ұстанымда. Оны әскери жолмен шешудің мүмкіндігі жоқ деп есептейміз... Бұл мәселеге қатысты біздің ұстаным өзгермеді. Қандай қиын жағдай болып жатса да, бүкіл эмоцияны қойып, қақтығысты саяси жолмен шешудің қадамдарын іздеу керек», - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Сенат төрағасы Ресейдегі ішінара мобилизация бұл елдің жеке мәселесі екенін атап өтті.

Қазақстанға қатысты тоқталайын. Тиісті мемлекеттік органдар болып жатқан процестерді бақылап отыр. Ары қарай жағдайға байланысты ақылдаса отырып, тиісті мәселелер қаралады. Жалпы Қазақстан мен Ресей Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құрамында. Қос мемлекет арасында келісімдер мен шарттар бар. Құжаттарға сәйкес Ресей азаматтары Қазақстан аумағына сапарлап келсе, оларға қатысты шектеу жоқ, - деді Мәулен Әшімбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама