Сенат Тұңғыш президент күнін мереке санатынан алуды қолдады

Дәурен Ерболат

Енді қазақстандықтар 1 желтоқсанда демалмайды

Фото: inform.kz

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Мерекелер туралы заңға» өзгеріс енгізіп, 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мереке тізімінен алып тастауды қолдап, дауыс берді деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жалпы отырыста «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

... Сондай-ақ құжат Қазақстанның кейбір мерекелерін реттеуге бағытталған. Аталған заң жобасы Қазақстанның 3 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді, - деді сенат депутаты Нұртөре Жүсіп.

Заң жобасын сенаторлар қабылдады.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс аталған заң жобасын мақұлдаған еді.

Жалпы, Тұңғыш президент күні 2012 жылдан бері мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келген болатын.