Кейбір тұрғындар интернет желісі адамға қауіп төндіреді деген пікірде
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева 5G базалық станциясының адам өміріне қаупін анықтау үшін ұлттық зерттеу жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, мегаполистер мен облыс орталықтарында құрылыс қарқынының жоғары болуынан ұялы байланыстың сапасы мен мобильді интернеттің жоғына байланысты қазақстандықтардан көптеген шағым түскен.
«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен депутаттық корпус тарапынан соңғы жылы байланыс сапасын бақылау, айыппұл көлемін ұлғайту, қажет жабдықтарды сатып алу бойынша көптеген жұмыс жүргізілді. Алайда нәтиже көңіл көншітпейді. Өйткені бұл мәселе салааралық сипатқа ие», - деді Екатерина Смышляева Мәжіліс отырысында.
Депутат бүгінде кейбір қазақстандықтар 5G базалық станциясы адам өміріне қауіп төндіреді деген пікірді ұстанатынын жеткізді.
Радиофобия тұрғындар арасында жиі кездеседі. Олар ақылға қонымды дәлелдерге күмәнмен қарайды. Қазақстанда базалық станциялардың адам денсаулығына зияны туралы кешенді зерттеу жүргізілген жоқ. Бүгінде базалық станцияны үйге орнатуға рұқсат берілгеннен кейін ғана санитарлық қызмет қорытынды шығарады. Бұл шешімді тұрғындар неге қабылдауы керек?, - деді ол.
Екатерина Смышляева елде цифрландыру процесі жалғасатынын, сапалы байланыс пен интернетке деген сұраныс арта түсетінін жеткізді.
«Қалаларды 5G желісіне қосымыз деп үлкен мақсат қойдық. Бұл антенналар санын ондаған есе көбейтуді талап етеді. Сондықтан олар қайда және қалай орнатылады, қаншалықты қауіпсіз болады деген сұраққа жауап беру керек», - деді депутат.
Ол жоғарыдағы сауалдарға жауап беру үшін Қазақстанда ұлттық зерттеуді жүргізуді ұсынды:
Радиофобияны азайту үшін:
Байланыс инфрақұрылымын құру үшін:
Айта кетейік, осыған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 5G базалық станциясы адамдарға қауіп төндірмейтінін айтқан еді.