×

Елімізде өрт сөндіруге арналған тікұшақтар үш есе көбейеді

Үкімет басшысы тиісті ведомстволарға тапсырма берді

 Дастан Жұмабекұлы 21.09.2022 | 11:04
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар мен әкімдік басшыларының қатысуымен өткен өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңесте елімізде өрт сөндіруге арналған тікұшақтар үш есе көбейетінін айтты.

Кездесуде Үкімет басшысы Қостанай облысында болған орман өрттері жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтіргенін, адам өліміне әкелгенін атап өтті. Осыған байланысты Әлихан Смайылов орман шаруашылығы төңірегінде құтқару жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Тікұшақ техникасының жақын жерден су алып, өртті сөндіруін жеңілдету мақсатында орман алқаптарының жанындағы су қоймаларының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет. Біз тікұшақтар паркін үш есе көбейту үшін қосымша суқашыртқы құрылғыларды сатып аламыз, оларды өрт сөндіру үшін пайдалануға болады. Бұл Қостанай облысын қоса алғанда, барлық өңірлерге қатысты, — деді Әлихан Смайылов.

Осыған байланысты Үкімет басшысы тиісті ведомстволарға тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама